English version

Шенеуніктер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарын тексерді

Контекст дня — 4 февраля 2024 16:30
0 -1

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

– ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады. Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды. Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.