Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды
Динара Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп жазылған Үкіметтің ресми хабарламасында.
Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.
2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.
2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.