Ya Metrika Fast


English version

Шораевтың соты кейінге қалдырылды

Контекст дня — 6 марта 2023 16:00
0
Изображение 1 для Шораевтың соты кейінге қалдырылды

Қазақстан «Халық» партиясы қоғам қайраткері Арман Шораевты сотқа берді. Бұл туралы Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бірақ сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданған. Айта кетейік, шағым сотта дәлелденсе Арман Шораевты депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады.


– Нұрия Балтабайқызы деген шағымданушы адамның өзі сотқа келмеді. Менiң сотқа қойған талабым – шағымданушы тарап өзі келуі тиіс! Сонымен талап қанағаттандырылып, сот кейінге яғни 10 наурызға шегерілді. Мені қолдауға келген барлық азаматтарға – көп рахмет! Ризамын, – деп жазды Шораев.

Фото: facebook/shorayev


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.