Ya Metrika Fast


English version

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

Контекст дня — 2 августа 2023 17:00
0
Изображение 1 для Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары жемқорлық жасағаны үшін сотталды. Қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Антикор мәліметі бойынша, олар 36 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін және 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.


– Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.