English version

Шымкентте ұлттық парктің директоры мен бірнеше қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Контекст дня — 28 января 2023 16:10
0 -1

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары жемқорлық әрекеттері үшін күдікті деп танылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

– Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Шымкентте ұлттық парктің директоры мен бірнеше қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.