English version

Шымкентте жер сілкінісі салдарынан газ құбырына зақым келді

Контекст дня — 4 февраля 2024 17:54
0 -1

Шымкентте газ құбырындағы ақауды жедел қалпына келтірілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

3 ақпанда “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Газ құбырындағы ақау дереу анықталып, оны жедел қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тұтынушыларды газға қайта қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толығымен аяқталды.

– Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ, “Шымкент” МГҚ “Интергаз Орталық Азия” АҚ және “ҚазТрансГаз Өнімдері” ЖШС тарапынан 40 адам, сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, газ құбырындағы бұл жағдай жақында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Бұған дейін де осындай жағдай Қайнар ауылының маңындағы орта қысымды жерасты газ құбырында тіркелген болатын, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.