Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жағдайға байланысты тергеу басталды
Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі гүл дүкені мен ресто-бардағы жағдайға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шымкент полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі «Салғырттық» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінде болған оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Гүл дүкенінде жанжал шығарып, сатушыны соққыға жығып кейін гүл шоғын алып кеткен азамат бұрынғы полиция қызметкері болып шықты.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.