Шымкенттік түлек қабылдау комиссиясының қателігінен гранттан айырыла жаздаған - Exclusive
Поддержать

Шымкенттік түлек қабылдау комиссиясының қателігінен гранттан айырыла жаздаған

Ғылым және жоғары білім министрлігі техникалық қателікке байланысты гранттан айырылған түлектердің мәселесін шешкендерін мәлімдеді.

Жасмин Тастан Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсырған. Министрліктің мәліметінше, қабылдау комиссиясының маманы ҰБТ сертификатының деректерін енгізу кезінде техникалық қателік жіберген.

– Тастан Жасмин ҰБТ-дан 120 балл алған, бірақ ГРАНТ конкурсына тапсырған кезде қабылдау комиссиясы ТЖК нөмірін қате жазып, түсейін деп тұрған грантқа түсе алмай қалды. Құжат қабылдаған менеджер қате жібергенін мойындады, қазір қабылдау комиссиясы мәселені шеше алмай уақытты кейінге шегеріп, мәселені созып жатыр, солай қалып кетеді деп қорқып жатырмыз, – деп жазды Алмасбек Ералы.

Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін кешірім сұрағанын айтты. Сондай-ақ, құжат қабылдауда қателік жіберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі қабылдау комиссиясының маманына «сөгіс» жарияланған.

– Ғылым және жоғары білім министрлігі мамандары бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Тастан Жасмин Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирел атындағы универиситетке мемлекеттік грант бөлінетін болды. Сондай-ақ, ол жатақханамен қамтылады, – делінген хабарламада.

Коллаж: exk.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.