Шығыс Қазақстанда дала өрті болып жатыр
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 167 гектарға жайылған дала өрті болып жатыр.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай ауданында ашық алаңда шөп пен бұта өртеніп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар, орманшылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
ҚазАқпарат дерегіне сәйкес, өртті сөндіруге жалпы саны 340-тан астам адам мен 25 техника тілсіз жаумен күреске тартылған. МИ-8 тікұшағы да іске қосылды.
– Өрт 2 қыркүйек күні түскі уақытта шықты. Жетуі қиын таулы аймақты шарпығандықтан оны өшіру қиынға соғуда. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның аумағы 167 гектарды құрайды. Әуеден шолып тексеру үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің АН-2 ұшағы жұмылдырылды. Ең жақын ауыл 25 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Фото: shygysqaz_tjd
Комментариев пока нет