Си Цзиньпин Байденге ескерту жасады - Exclusive
Поддержать

Си Цзиньпин Байденге ескерту жасады

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі аясында АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасады.

Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесіп, Қытай басшысы Вашингтон «бір қытай қағидатын» ұстануы керек деді. Сондай-ақ, қытай халқы Тайвань мәселесінде Қытайдың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қорғауға дайын екенін жеткізді.

– Кімде-кім отпен ойнайтын болса, өзі күйеді. АҚШ мұны түсінеді деп үміттенеміз, – деді Си Цзиньпин.

Байден Сиге АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін және Вашингтон Тайвань бұғазы арқылы статус-квоны өзгертуге немесе бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған біржақты әрекеттерге қарсы екенін айтты.

– Әңгімеден кейін Тайвань Байденге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, АҚШ-пен қауіпсіздік саласындағы серіктестікті тереңдетуді жалғастыратынын айтты, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.