English version

СІМ Израильдегі жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Контекст дня — 8 октября 2023 17:50
0 -1

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан бейбіт тұрғындар зардап шеккен Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді.

– Тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырамыз. Бұл екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы ахуалдың одан әрі өршуіне әкеп соғуы мүмкін, – деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Ол Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі азаматтармен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

– Елшіліктің жедел желісі құрылды, оларға Отанына оралуға одан әрі жәрдем көрсету үшін ҚР азаматтарының тізімі анықталып жатыр, – деп толықтырды Смадияров.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.