Ya Metrika Fast


English version

СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың сөйлесуі туралы мәлімдеме жасады

Контекст дня — 26 июня 2023 18:30
0
Изображение 1 для СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың сөйлесуі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко арасында ғана талқыланады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біз ақпаратпен таныстық. Әрине, Беларусь президенті біздің бұрынғы президентіміздің (Нұрсұлтан Назарбаев) серігі. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясатын, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Республикасы президентінің құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастарын тек қазіргі мемлекет басшылары арасында талқылауға болады. Айта кетейік, біздің Беларусь Республикасымен қарым-қатынасымыз стратегиялық сипатқа ие, күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Айта кетейік, бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың Назарбаевпен Беларусь-Қазақстан қатынастарын талқылағаны туралы хабарлама таратқан еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.