«СК-Фармация» басшысы қанша жалақы алатынын айтты
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ОКҚ брифингінде өзінің жалақысын айтты.
ОКҚ брифингінде журналистер дәрі-дәрмек сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС басшысы ретінде Ерхат Есқалиевтің айына қанша ақша табатынын сұрады.
– 1 404 000 теңге аламын, – деп жауап берді ол БАҚ өкілдеріне.
2021 жылы «СК-Фармация» басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев 1 300 000 теңге жалақысы алатынын айтқан еді.
Фото: primeminister.kz
1 Комментарий
Алған жалақыңыэ ас болсын, отбасыңызға жұғымды болсын! Жақсылыққа жумсаңыз!!! Бірақ дәріханаларде дәры дермек неге қымбаттап барады?!