Ya Metrika Fast


English version

«Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі маған тиесілі» деген сөз жала – Ахметов

Контекст дня — 19 апреля 2023 18:10
0
Изображение 1 для «Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі маған тиесілі» деген сөз жала – Ахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Мәжілістің бұрынғы депутаты Берік Дүйсембиновтің мәлімдемесіне қатысты жауап беріп, оның сөзі жала екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген әкімнің сөзінше, депутаттың мәлімдемесінде дәлел жоқ.

– Бір депутат Өскеменнің айналасындағы жердің бәрі менікі екенін айтты. Бұл – жала. Себебі, оның айтқан сөздері дәлелсіз. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, жер қатынастары комитеті толық жауап берді, – деді Ахметов.


Еске салайық, 2022 жылы Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсембинов 5,2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің баяндамасын сынға алған еді.

– Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр барлығы. Бірақ жаңа баяндамаңызда айтылғандардың барлығы өтірік. Халықтың барлығы наразы. Мал ұстаған кісілерге жер жетпей жатыр. Сіздер әдемі баяндаманың орнына осыны нақты қашан қолға аласыздар, соны айтыңызшы, – деді депутат.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.