SKIJ Kazakhstan журналистері «Шымбұлақ» тау курортындағы экскурсияға қатысты

2022 жылдың 19 маусым күні «Шымбұлақ» тау курортында SKIJ Kazakhstan-ның экскурсия және баспасөз конференциясы өтті, SKIJ Kazakhstan халықаралық клубының жиырма журналисіне курорттың жазғы мүмкіндіктері туралы айтылды.
Шымбұлақ қысқы спорт түрлері үшін арналған деген стереотиптерге қарамастан, тау шаңғысы мен сноубордтан басқа курорт қонақтарға жазғы кезеңде де көптеген ойын-сауық түрлерін ұсынады. Мысалы: байк-парк, жаңа арқан саябағы, жаяу серуендеу, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, квадроциклмен сапарлар, Gorilla Zipline.
Сондай-ақ, балалар үшін Kids lab жұмыс істейді, маусым айының басында балаларға арналған El Kiddo Шымбұлақ тау лагері ашылды, онда балалар демалыстарын белсенді, көңілді және пайдалы өткізе алады.
Shymbulak Mountain Resort өзін тау шаңғысы курорты ретінде емес, көп профильді форматтағы тау курорты ретінде көрсетеді.
Шынында да, бүгінгі таңда шаңғы – бұл адамдардың курортқа келу себебінің азғантай бөлігі. Көбіне адамдар таңертеңнен кешке дейін шаңғымен сырғанау үшін емес, тау жоталарындағы атмосфера үшін келеді.
Қонақтар жаңа нәрселерді көргісі келеді, қазіргі таңда адамдардың тауға шығуға қызығушылықтары артқан. Статистикаға сүйенсек, 2021-2022 жылдардағы тау шаңғысы маусымында қысқы спорт әуесқойларының үлесі 44%-ды құраса, таулардың емдік қуаты үшін келетін келушілердің үлесі 56%-ды пайызды құраған.
Сонымен, жексенбі күні Шымбұлақ тау курортының қызметкерлері SKIJ Kazakhstan халықаралық клубының жиырма журналисіне экскурсия ұйымдастырды. Олар үшін арнайы бағдарлама дайындалды: Gorilla Zipline аттракционына міну, арқан саябағының барлық деңгейінен өту және денсаулық жолымен серуендеу. Кейін журналистер жазғы уақыттағы барлық іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі сөз болған баспасөз конференциясына қатысты.
International Ski Club of Journalists – беделді халықаралық шаңғышылар және журналистер клубы. 42 елдің журналистерін біріктіретін клуб 1951 жылы құрылған. Клубты Куршевельден келген журналист және шаңғышы Джилл де ла Рок құрды.
Ол мемлекеттік мүдделер қақтығысынан тыс, кәсіби бірлік пен спорттық рух негізінде Батыс пен Шығыс журналистерінің байланысын және қарым-қатынасын кеңейтуге жәрдемдесу үшін спорттық бірлестік идеясын ұсынды.
Қазақстандық SCIJ клубы 2012 жылы құрылды және 2013 жылы SCI халықаралық ұйымына ресми қабылданды. SCIJ халықаралық клубының міндетті ережелерінің бірі – тау шаңғысы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.