Скляр елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы пікір білдірді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныс бұрыннан талқыланған және назар аударуға тұрарлық мәселе екенін айтты.
– Бұл идея қоғамда бұрыннан талқыланып келеді. Әрине, ол назар аударуға лайық. Менің ойымша, бұл ұсынысты Парламент қарайды, – деді Роман Скляр.
Ол қоғамның реакциясын күтуді ұсынды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары ел азаматы ретінде өз пікірі бар екенін, бірақ ой елегінен өткізу керектігін айтты.
– Мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Әрине, менің пікірім бар. Мен қазір мемлекеттік қызметші ретінде емес, Қазақстан азаматы ретінде ойымды айтамын. Күте тұрайық, – деп түсіндірді Скляр.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Комментариев пока нет