Скриптонит Алматыдағы концертін Қаңтар құрбандары еске алудан бастады
30 шілде күні Алматыда өткен концертте «Скриптонит» қаңтар құрбандары мен Украинада қаза тапқандарды еске алды.
Рэпер концертті бір минут үнсіздіктен бастады.
– Концертті қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандар мен Украинада опат болғандарды еске алып, бір минут үнсіздікпен бастағым келіп отыр, – деді ол.
«Скриптонит» атымен танылған Әділ Жәлеловтың әндері көпшілікке танымал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік тележүргізуші Алексей Пивоваровқа берген сұхбатында қазақстандық рэп орындаушының әндерін тыңдайтынын айтқан еді.
– Бірнеше рет тыңдап көрдім. Ұйып тыңдадым, бірақ бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін – деді Тоқаев.
Комментариев пока нет