Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды - Exclusive
Поддержать

Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

ҚР премьер-министрі
Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде жеке бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлайды.

Отырысқа қатысушылар Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясатының жобасын қарады. Отырыста агроөнеркәсіп кешенін, тау-кен металлургиясын, көлік саласын, энергетиканы және салықтық әкімшілендіруді дамыту мәселелері қаралды.

Бизнестің проблемалық мәселелерін «EPG Education» ЖШС директоры Досым Бесбай, «Олжа Агро» ЖШС директоры Айдарбек Қожаназаров, «Атамекен» ҰКП төралқасының Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец және «Визор Қазақстан» инвестициялық компаниясының серіктесі Алмас Чукин көтерді.

– Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді. Сондықтан кәсіпкерлерде не болып жатқаны туралы қате түсінік қалыптасады. Бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынған жоқ! Біз квота түрінде шектеулер енгіздік, бірақ оны әдеттегі экспорт көлемінен жоғары қойдық, – деді Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттап отырған болса, квота биылғы қыркүйек айының соңына дейін қолданыстағы экспорттық келісімшарттарды шектемей, азықтық астықты бақылаусыз жаппай шығарудың алдын алуды қамтамасыз ету үшін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленді.

Фото: primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *