Смайылов азық-түлік бағасының өсуіне әкімдіктерді кінәлады
Бүгін, 15 қараша күні Үкімет отырысы өтті.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы талқыланды.
Барлық негізгі экономикалық макрокөрсеткіш бойынша Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өсім байқалды.
Ең төмен өсу қарқыны Ұлытау, Абай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
– Тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажет. Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажет. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс. Сонымен қатар бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек. Биылғы жылдың қазан айында инфляция өсімі жеделдеді. Бұл процесске азық-түлік тауарлары бағасының өсуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл, бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді, – деді Смайылов.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.