English version

Смайылов елордадағы өрт бойынша төтенше жағдайлар министріне тапсырма берді

Контекст дня — 19 июня 2023 18:10
0 -1

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Министрдің мәліметіне сәйкес, өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылған.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: t.me/KZgovernment


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.