Ya Metrika Fast


English version

Смайылов қол қойды: 7,9 мың орынға арналған 9 студенттік жатақхана салынады

Контекст дня — 4 декабря 2023 18:00
0
Изображение 1 для Смайылов қол қойды: 7,9 мың орынға арналған 9 студенттік жатақхана салынады

Қазақстанда алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы бірсыпыра жаңа әлеуметтік объектілер ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды. Бұл құжат Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды.

– Кешенді жоспарда жобаларды сметалық құнының 30%-ы көлемінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру көзделген. Қалған 70%-ын жеке серіктес тартуы керек. Жоспарда жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және білім беру салалары бойынша жалпы 43 объект қамтылған. Құрылыстан кейін жеке серіктестер 10 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді басқарып, қамтамасыз етеді. Ал, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік меншікке өтеді, – деп жазылған хабарламада.


Кешенді жоспар бойынша, 7,9 мың орынға арналған студенттік 9 жатақхана салынады. Сондай-ақ жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделіп отыр. Спорт саласында жаңа 8 спорт залын іске қосу жоспарланған. Білім беру жүйесінде 5 оқу-сауықтыру орталығын, 5 оқушылар сарайын және 10 өнер мектебін салу бойынша жобалар іске асырылады.

Айта кетейік барлық бағыттар бойынша жаңа объектілердің жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.