Смайылов тағы да азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды - Exclusive
Поддержать

Смайылов тағы да азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды

Үкіметте биылғы жеті айдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,3%-ке жетті.

Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, құрылыс саласында 8,6% деңгейінде өсім қалыптасты. 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласы бойынша сауда 6%-ке, көлік 5,5%-ке және байланыс саласы 6,5%-тен астам өсті.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасып отыр.

Шілде айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 15%-ті құрады.

– Өткен аптада Монополияға қарсы агенттікке қанттың қымбаттауы мен тапшылығына қатысы болуы мүмкін компания  қызметін тексеруді тапсырдым. Бұл проблеманың көтерілгеніне біраз болды. Сондықтан мұндай жағдайды жауапты органдар ертерек анықтап, алдын алу керек. Инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс. Тағы да назар аударатын жағдай – өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15% мөлшерінде болуын ерекше бақылауда ұстау, – деді Әлихан Смайылов.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.