Смайылов қызылша ауруына қатысты тапсырма берді
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Смайыловтың айтуынша, елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек.
– Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс, – деді ол.
Сондай-ақ премьер-министр вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес екенін атап өтті және жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет, – деді Үкімет басшысы.
Фото: Ukimet
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.