Смайылов жаңа мектептерге интернет қосуды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орнын ашу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2020-2022 жылдары республикада түрлі қаржыландыру көздері есебінен 340 мың оқушыға арналған 626 мектеп пайдалануға берілгенін айтты.
Премьер-Министр ұлттық жобаны іске асыру аясында мердігерлік ұйымдар мен жер учаскелерін анықтау, сондай-ақ қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жөніндегі жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ Смайылов сапалы интернетсіз жайлы мектептер өз атауына сай болмайтынын баса айтты.
– Тапсыру кезінде жаңа мектептер сапалы интернет байланысына қосылуы тиіс, – деді ол.
Фото: Ukimet
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.