Соғысқа дайындалыңдар – Қытай армиясы - Exclusive
Поддержать

Соғысқа дайындалыңдар – Қытай армиясы

Қытай халық-азаттық армиясының басшылығы сарбаздарды соғысқа дайындалуға шақырды. Хабарлама Қытай әскери армиясының Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Екі иероглифтен тұратын соғысқа дайындалыңыздар деген хабарлама 12 сағат ішінде 300 мыңнан астам лайк пен 19 мың пікір жинады. Әлеуметтік желі қолданушылары үндеуді қолдап, дайын екендерін білдірді.

Қытай армиясының кейбір ардагерлері елге қажет болған кезде әрқашан сапқа тұруға дайын екендіктерін айтты. Кейбір адамдар Тайвань бұғазының екі тарапының қайта қосылуын тіледі.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай сепаратизмге және Тайваньның тәуелсіздігіне, сондай-ақ сыртқы күштердің араласуына қарсы екенін айтты.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.