Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуды ұсынған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды
2021 жылдың желтоқсанында Чат-рулетка қосымшасында Қазақстанның бір бөлігін Ресейге қосу бойынша ұсыныс айтқан ерлі-зайыпты бес жылға сотталды.
Бұл Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау жөнінде саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қауіпті сөздер. Сотта ерлі-зайыптылардың заңсыз әрекеттері жазылған бейнежазба қосылды. Ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексін бұзған. Құқық бұзушылық экстремистік қылмыс санатына жатады.
Прокурор сотталушылардың әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы кінәсін мойындамады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға айтқан.
Фото: Elentur.com
Комментариев пока нет