Сот үкімімен келіспеген Жыланбаев аузын тікті
Оппозиционер Марат Жыланбаев наразылық белгісі ретінде аузын тікті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
ҚАЖК 1 қараша күні сотталушы Жыланбаев аузын жіппен тігіп, тамақ ішуден бас тарту туралы өтініш бергенін хабарлады.
Ол өз әрекетін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 қарашасына жоспарланған сот отырысын жабық режимде өткізуімен келіспейтіндігімен байлаеысты екенін айтты. Мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай шағым жоқ, — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 1612 Info телеграм-арнасында сот құжатына «қарсылық ретінде мен аузымды тіктім» деген жазуы бар қағаз ұстап тұрған Марат Жыланбаевтың суреті жарияланды.
Оппозиция белсендісі Марат Жыланбаев «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша мамыр айында қамалды.
Фото: 1612 Info телеграм-арнасы
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.