Сот Төребаев пен Шерниязовқа қатысты шешім шығарды
Вейнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 18 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға қамауда ұстау мерзімін санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған.
Сот Мейірхан Шерниязовқа да қатысты үкім шығарды. Шерниязовты қамауға алу мерзімі бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін ұзартылды.
«Mudarabah Capital» ЖШС компаниясының жарнамасына қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қатысты. Компанияның басшысын полиция өткен жылдың қазан айында ұстаған еді. Вайнер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінді. Әзизжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.
Коллаж: КазТаг

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.