«Сталинге лағынет»: Қадыров қазақ халқынан кешірім сұрады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бейне үндеу жасап, қазақ халқы туралы жаман сөз айтпағанын жеткізді.
Айта кетейік, Рамзан Қадыров «Қазақстанды Ресей құтқарды» деген мәлімдеме жасап, Украинадағы оқиғаларға қатысты өз ұстанымын білдіруді талап еткен. Шешенстан басшысы бұл арандатушылардың әрекеті екенін айтып, қазақ пен шешен халықтарының арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсірмеуді сұрады.
– Мені блогерлер қатты ренжітті. Олар Рамзан қазақ халқы туралы теріс пікір айтты дейді. Менің әкем Қазақстанда дүниеге келген. Менің атам Қазақстанда жұмыс істеді. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен ешқашан Қазақстан туралы жаман сөз айтқан емеспін. Мен ортақ саясат туралы айттым, – деді Қадыров.
Ол 1944 жылы қазақ халқы шешендерге бір тілім нанын бөліп бергенін еске алды. Оның айтуынша, бұл екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруге тырысатын арандатушылардың әрекеті.
– Менің бұрынғы КСРО-ның қүрамында болған басқа халықтарға, соның ішінде белорустарға, украиндарға және басқаларға қатысты бірдей ұстанымым бар. Бірақ мен саясаткерлерге өзімді сынауға рұқсат етемін және дәл айтамын. Менің айтқанымнан ерекше, жасырын мағына іздеуге тырысудың қажеті жоқ. Мен қазақ халқын жақсы көремін. Мен ғана емес барлық шешендер құрмет тұтады. Тағы да Сталинге лағынет айтамын. Шешендерді Сталин режимі көшірді. Егер көмек қажет болса, қазақ халқының жанында болам, — деді Рамзан Қадыров.

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.