«Стамбулдағы жарылыс»: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
– Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, кеше Стамбулда жарылыс болып, алты адам қаза тапты. Қаладағы туристер көп жүретін Истикляль көшесіндегі жарылыс салдарынан 50-ден астам адам жараланған.
Фото: EADaily

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.