Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің жаңа төрағасы тағайындалды
Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Шаймарданов 2022 жылдың ақпан айынан бастап агенттік құрамындағы ұлттық статистика бюросын басқарды.
Фото: gov.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.