Тәліптер Тәжікстанды бір аптада басып алуға қауқарлы екенін айтты - Exclusive
Поддержать

Тәліптер Тәжікстанды бір аптада басып алуға қауқарлы екенін айтты

Талибан армиясының «Омари» корпусының командирінің орынбасары Джан Мохаммад Хамза тәліптер Тәжікстанды бір апта ішінде басып ала алады деп мәлімдеді.

Бұл туралы «Хаште субх» газеті хабарлады. 

– Талибан корпусы егер Тәжікстан Ауғанстанның ішкі істеріне араласуды тоқтатпаса тәліптер бұл елді бір апта ішінде басып алады деп ескертті, – деп хабарлайды газет. 

Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон террористер тобы елді басқармайтындығы туралы пікір білдірді. 

– Осы уақытқа дейін Талибан әлемдік қауымдастық пен Ауғанстан халқын өз билігінің заңдылығына, елдегі жағдайды бақылауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге сендіру үшін нақты қадамдар жасамады, – деді Тәжікстан президенті.

Фото: Коммерсант




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.