Түркістанда кесене маңындағы мейрамхана өртенді
Әлеуметтік желіде Түркістандағы өртке оранған мейрамхананың бейнежазбасы пайда болды.
Желі пайдаланушылар өрттің «Керуен-сарай» аумағында басталғанын айтқан. Алайда Түркістан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт «керуен-сарайда» емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде болған.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кафенің «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ екенін атап өтті.
– 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістанда «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайының қорғалатын аумағынан тыс орналасқан екі қабатты «Жеті тандыр» кафесінің 2-қабатынан өрт шықты. Өрт басталғаннан алты минут өткен соң ТЖД-ның алғашқы қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деді ол.
ТЖМ мәліметінше, өрттің алдын ала аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Сағат 12: 50-де өрт ауыздықталған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
фото: telegram.org/@qumash_kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.