Құтқарушылар өртке дайын болмады – депутат
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов азаматтық қорғау органдары Абай облысындағы ауқымды өртке дайын болмай шыққанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Депутат премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, бүкіл ел бойынша өртті анықтаудың заманауи технологияларын енгізуді сұрады.
– Біз болашақта осындай жағдайлардың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды, атап айтқанда орман және дала өрттерін уақтылы анықтау және алдын алу жөніндегі іс-қимылдардың нақты алгоритмін әзірлеуді қажет деп санаймыз. Мемлекеттік органдар арасында үйлесімді жұмыстың болмауына байланысты қауіпті уақтылы болжау және алдын алу мүмкін болмады, – деді ол.
Сондай-ақ Сабильянов азаматтық қорғау органдары, тиісті мемлекеттік органдар табиғи апаттарға дайын болмай шыққанын атап өтті.
– Шынын айту керек, жергілікті жерде орын алған жағдай азаматтық қорғау органдары, тиісті мемлекеттік органдар табиғи апаттарға дайын болмағанын тағы да көрсетті. Депутаттар Үкіметтің назарын орман шаруашылығындағы өртке қарсы және құтқару қызметіндегі жүйелі проблемаларға аударып, бірнеше депутаттық сауалдар жолдаған еді, – деді депутат.
Фото: t.me/mazhilis_kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.