English version

Түрікменстанның экс-президенті ұлттық көшбасшы болып тағайындалды

Контекст дня — 22 января 2023 15:10
0 -1

Гурбангулы Бердімұхамедов Халық билігінің жоғары органы – Халк мәслихаты төрағасы болып — тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz turkmenportal-на сілтеме жасап.

Бұл Жарлыққа Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды.

Президент Сердар Бердімұхамедовтың қаулысында Гурбангулы Бердімұхамедовтың «демократиялық құқықтық және зайырлы мемлекеттің берік негізін бекіту, тәуелсіз бейтарап Түрікменстанның халықаралық беделін жан-жақты дамыту және нығайту ісіндегі орасан зор еңбегін ескере отырып» Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы болып тағайындалғаны айтылған.

Мир 24 дерегі бойынша, Түркіменстанда өкілеті жоғары Халықтық кеңес – Халк Мәслахаты құрылды. Жаңа органды Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы, Республиканың экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов басқарды. Мұндай шешім ел Парламентінің екі палатасының бірлескен отырысында қабылданды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.