Түркі мемлекеттері бір әліпбиге көшуі мүмкін
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан бір әліпбиге көшуді жоспарлап отыр.
Бірдей әліпби құру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияға түркі мемлекеттерінде тіл саясатымен айналысатын әрбір ресми құрылымның екі мүшесі кіреді.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы – түркі халықтары арасындағы жан-жақты ынтымақтастық мақсатында қазіргі мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйым 2009 жылдың 3 қазанында құрылды.
16 қазанда Түркі елдері ортақ инвестициялық қор құратыны белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.