English version

Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады

Контекст дня — 13 марта 2023 18:10
0 -1

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия, Өзбекстан («Құрылтайшы мүшелер») 2009 жылғы 3 қазанда жасалған Түркiтiлдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімімен құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Мүшелері ретінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы уәделесті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

«Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою туралы» Президент Жарлығының жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі. Келісім құжаты «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

– Түркі инвестициялық қорын құру өзара мүдделі салалардағы даму жобаларын қолдауда цифрлық инфрақұрылым, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризмді қоса алғанда, өңірішілік сауданы дамытуға, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, көліктік-логистикалық тізбектерді, сақтау және өндірістік қуаттарды кеңейтуге қолдау көрсетуге, физикалық және өндірістік қорларды құруға және жаңғыртуға ықпал етеді. Баяндалғанның негізінде Үкімет «Түркі инвестициялық қорын құру туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын қарауға енгізеді, – деп жазылған құжат мәтінінде.

Айта кетейік, аталған инвестициялық қорды құру үшін республикалық бюджеттен 100 млн доллар бөлінеді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.