Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды – Тоқаев
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммитте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды екенін баса айтты.
– Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін. Бірлігіміз нығая берсін! – деді президент.
Фото: aqorda



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.