English version

Түркістан облысы: 8 сағатқа созылған дала өрті сөндірілді

Контекст дня — 4 сентября 2022 17:30
0 -1

Түркістан облысында 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенген еді. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, өртті сөндіруге метеожағдай кедергі болған.

– Өртті сөндіру барысында жайсыз метеожағдай кедергі келтірді. Жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел тұрғандықтан, өрт үлкен аумаққа тез жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында өрт қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда алды», – деп жазды Қалқаманов Facebook парақшасында.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.