English version

Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады

Контекст дня — 18 февраля 2024 16:47
0 -1

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің бухгалтері Экономикалық тергеу департаментінің тексерулерінен кейін өзіне қол салды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

Ақпарат облыстық полиция департаментінде расталды. Оқиға 2024 жылдың 25 қаңтарында болған.

– 25.01.2024 жылы Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша «суицидке жеткізу» бойынша қылмыстық істі тіркеді және сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, өткен жылдың басынан бері Түркістан облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданының білім бөлімінің бухгалтерлеріне қарсы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Нақты сомалар әлі айтылған жоқ.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.