Түркістан облысында жоғалған баланың денесі табылды
Түркістан облысында жоғалған 4-жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта келіп түсті. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының қайта оралмағанын жеткізген.
Polisia.kz дерегі бойынша, жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылған.
– Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда, – деп жазылған хабарламада.
Фото: Polisia.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.