Түркістан облысының прокуроры Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды
Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Бас прокуратураның басшылығы мен кадрлық құрамы Марат Әлихановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Марат Алиханов 1965 жылы туылған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші болудан бастаған.
Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарып, соңынан ҚР Бас прокуратурасының Басқарма басшысы болды.
2012 жылы Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігі департаментінің бастығы болды.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, ҚР Бас көлік прокуроры, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарып келді.
2020 жылдың ақпанынан Түркістан облысының прокуроры.
Фото: otyrar.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.