Түркістанда 10 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметші ұсталды
Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Exclusive.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
– Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды, – деп жазылған хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.