Түркістандағы қайғылы жағдай: Суға батып кеткен 2 бала іздестіріліп жатыр
Түркістан облысында Сырдария өзеніне демалуға барған 20 адамның 11-і суға батып кетті. Олар суға түсуге арналмаған жерде шомылған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адам бір әулеттің мүшелері болған. Тойдан шығып, су жағасында демалғысы келген олар шомылатын жер емес екендігін білген. Қайғылы жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігі болжам жасады.
– Барлығы шомылатын жер емес екендігін білген. Себебі, ешбірі суға шомылатын киіммен түспеген. Су жағасында отырғанда кішкентай қыздың бірі аяғы тайып, құлап кеткен. Оны құтқармақ болып соңынан анасы секірген, әкесі секірген. Содан ағын судан шыға алмай қалған деген болжам бар, – деп жазылған хабарламада.
Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Фото: ТЖМ
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.