Түркістанда жасөспірім қаңғыған оқтан қаза тапты
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды. 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: instagram.com/abai_department_police
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.