English version

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асуы мүмкін – БҰҰ

Контекст дня — 13 февраля 2023 14:30
0 -1

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асуы мүмкін.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді, деп хабарлайды Exlusive.kz Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Гриффитс қазір жағдайды бағалау қиын екенін, барлық үйінділерді бөлшектеп, тексеру қажет екенін атап өтті.
Мен қаза тапқандардың саны бұл көрсеткіштен екі есе немесе одан да көп болатынына сенімдімін. Бұл өте қорқынышты. Қирандылар астында адамдар бар. Олардың кейбіреулері әлі тірі, – деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты.

Фото: Дзен


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.