English version

Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге дайын

Контекст дня — 13 июня 2023 18:00
0 -1

Сыртқы істер министрлігінде Абай облысындағы өртті сөндіруге қандай елдер көмек қолын созғаны айтылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Мемлекет басшысы, сондай-ақ сыртқы істер министрі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Белгілі болғандай, Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді, – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Түркия мен Өзбекстаннан көмек жөнінде ресми ұсыныс түспеген.

– Егер апат үлкен болса, егер мемлекет оның салдарын жоя алмаса, басқа елдерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге біз көмек сұрамаймыз. Біз өзіміз реттейміз, – деп түсіндірді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.