English version

Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау өтті – Кылычдароғлу

Контекст дня — 29 мая 2023 10:30
0 -1

Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған 51,97% дауыс жинап, қарсыласынан басым түскен, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жеңісімен құттықтады.

– Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Ал президент сайлауына үміткер болған Кемал Кылычдароғлу сайлауды ел тарихындағы ең әділетсіз деп атап, демократия үшін күресетінін мәлімдеді.

Кылычдароғлу сайлаудағы дауыс санау кезінде әділетсіздік болғанын айтты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.