Ya Metrika Fast
English version

Түркияда 13 күн бойы үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды

Контекст дня — 18 февраля 2023 18:00
0
Изображение 1 для Түркияда 13 күн бойы үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды

Алапат жер сілкінісі болған Түркияда 12 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар 296 сағаттан кейін қирандылардың астынан шығарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Ahabr телеарнасының хабарлауынша, құтқарушылар Хатай қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларының астынан үш адамды құтқарған. Бастапқыда құтқарушылар су сұраған адамдардың даусын естіген.

Құтқару жұмыстарынан кейін Амир Мұхаммед Акбар, оның әйелі Магда және 12 жасар баласы шығарылды. Зардап шеккендерді дәрігерлерге қарауына алған. Бірақ кейінірек баланың қайтыс болғаны айтылды.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.