English version

Түркияда ауқымды тұрғын үй құрылысы басталды

Контекст дня — 23 марта 2023 18:10
0 -1

Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы он бір провинцияда бір жылда 46 300 тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қала құрылысына жауапты министр Мурат Курум жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда құрылыс процесінің басталғанын мәлімдеді.

– Біз сөз береміз – Анадолы қайта дамиды. Тұрғындар көктем айын бейбіт күнде, тыныштықта қарсы алады. Шаңырақтары бақытқа кенеледі, – деп жазды Курум өз парақшасында.

Ауқымды құрылыстың бірінші кезеңінде 17 902 тұрғын үй салу жоспарланған, 7 353 үй апат ошағы болған Қахраманмараш провинциясында салынады.

Фото: Anadolu Agency


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.